Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов күніне 150-ге тарта адам банкрот мәртебесін алуға өтініш беретінін мәлім етті.
Ержан Біржановтың дерегінше, 1 қыркүйекке дейін 10 мыңға жуық қазақстандықтан осындай өтініш түскен. Ол заңнамаға сәйкес тексеру жүргізуге алты ай мерзім берілгенін атап өтті.
"Біз наурыз айында өтінішті қабылдап, банкроттық туралы шешімді бірден шығара алмадық, яғни алты ай мерзім қажет болды.Бұл мерзім қыркүйекте аяқталды, банкрот деп тану рәсімі басталып жатыр. Кешегі жағдай бойынша 377-ден астам адам банкрот деп танылды. Күн сайын (статистиканы қадағалап отырмын) 100-150 адам банкрот мәртебесін алады", – деді Біржанов сенат кулуарында.
Еске салайық, президент Тоқаев 2022 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін және банкроттықты қалпына келтіру туралы" ҚР Заңына қол қойды.
2023 жылдың 3 наурызында азаматтардың банкроттық туралы өтініштерін қабылдау басталды.
Пікір қалдыру