Айкөркемнің әкесі: Билік оқ атқандарды жазаламаудың амалын жасап жатыр

/image/2023/09/07/crop-59_45_363x646_photo_5460916635167739050_x.jpg

Бүгін қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ісіне байланысты сот отырысы өтті. Қылмыстық іс Алматы гарнизоны әскери сотында қаралып жатыр.

Бүгінгі сот отырысында куәгерлер тыңдалды. Сот жабық болғандықтан,  журналисттер сотқа кіргізілмеді. Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан алдағы сот отырысына өзін қатыстырмауы мүмкін екенін айтты. 

"Куәгер ретінде Фархат деген жігіт пен менің ұлым тыңдалды. Негізі сот процессі жабық өтіп жатыр. Бүгін құпия материалдар қаралмағандықтан ғана мені кіргізді. Алдағы сот отырыстарында құпия материалдар қаралатын болса, мені қатыстырмауы мүмкін" – деді Айдос Мелдехан. 

Сонымен қатар, ол билік жоғары лауазымдағы әскери қызметкерлерді қорғап қалуға тырысып жатқанын мәлімдеді. 

"Сот процессі немен аяқталатыны белгісіз. Шынына келгенде билікке де, әскери сотқа да сенім жоқ. Мен қару қолданғандар мен қару қолдануға бұйрық бергендердің жауапкершілікке тартылуын ғана талап етем. Ал билік үлкен лауазымда отырған әскери қызметкерлер мен оқ атқандарды жауапкершілікке тартпаудың  амалын жасап жатыр"– деді Айкөркемнің әкесі. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар