"Өмір бойына сотталып, кастрация жасалады": Түркістандағы педофильге сот үкімі шықты

/image/2023/09/07/crop-12_5_429x763_photo_115734.jpeg

Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өліміне байланысты сот үкімі шықты. Сот 48 жастағы Сайдолим Гаийбназаровты «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған химиялық кастрация қолдануды қаулы етті. Бұдан бөлек,  айыпталушыны жәбірленуші жаққа 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Сотталушы жазасын қатаң мекемеде жазасын өтейтін болады. Сот отырысына жәбірленушінің туыстарын кіргізбеген. Үкім әлі заңды күшіне енбеді. 

Еске салсақ, Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі қоғамда резонанс тудырған болатын. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Кейін Желіде ауыл тұрғындары күдіктіні полицейлерден босатып алмақ болды деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері бұған қатысты пікір білдірді.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті бұрын істі болған.

"Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды. 2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар