Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады.
Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
⚠️Абай облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрайды.
Пікір қалдыру