Сириядағы соғыстың посткеңестік елдерге әсері қандай?

/uploads/thumbnail/20170708200657474_small.jpg

Сириядағы соғысқа Ресейдің ықпалы туралы саясаттанушылар түрлі пікірде. Тіпті батыстық басылымдар Кремль Ақ үйдің алдын ала болжап қойған сцнерарийі бойынша қадам жасап отыр десе, Таяу шығыстағы саяси пікір иелері анығында АҚШ пен Ресей ауыз жаласып алған. Олар әлемге бір-бірімен алысқан, қырғи қабақ ел секілді көнінгісі келеді, анығында олай емес деген сыңайдағы көзқарасты ұстанады. Қалай болғанда да бір елдің ішінен шыққан бүлік  алпауыт елдер үшін өте тиімді. Сондықтан, соғыс шешуші ғана сәт болғанымен, саясатта бүлік шығаруға өте көп уақыт жұмсалады. Сирияға қатысты саяси салқындықтың біздің елге әсері жоқ емес. Ол тіпті ТМД елдерінің барлығына қатысты. Сондықтан, Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес  отырысы өтті. Ресми кездесуді ресмилендіріп, көшбасшылар «дамудың жаңа перспективаларын белгіледі», « одақтың үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібін талқылады», «экономикалық дамудың алғы шарттарын қарастырды» деген түрлі сөздермен көмкеріп отырстың негізгі мәні мен мәтінін ақпараттардың астына көміп тастауға болады. Алайда, мемлекет экономикадан ғана тұрмайды. Бірақ халыққа кездесулердің саяси астарына қарағанда экономикалық маңыздылығы туралы ақпар таратуға БАҚ әбден машықтанып алған.

Бұл кездесуде Путин басқа есіктен кірді. Неге? Путиннің басқа есіктен енуіне бұқара онша назар аудара қоймады, барлық назар селфи жасай алмай қалған Бауыржан Өтемұратовқа ауып кетті. Шамасы Путин әлемдегі орын алып отырған жағдайға  байланысты ТМД елдерінің көшбасшыларымен жүзбе-жүз кезіккенді құп көрсе керек. Батыс та Ресейдің жалғыз емес екенін, шындап кіріссе тарап кеткен Кеңестің құрамындағы елдер жинала қалып жұдырық бола алатынын байқаған шығар. Бәлкім Ресей осыны байқатқысы келген де болар. Алдағы аптада «Қамшы» порталы бұл кездесуге қатысты батыс басылымдарының саяси сараптамасын назарларыыңызға ұсынатын болады. Сонымен қатар, президенттер құрған мәжілісте Белоруссияның су жаңа һәм ескі президенті  А.Лукашенконың Қырғызстанға қатысты айтқан пікірі де назар аудартарлық екен. Ол: «Қырғызстан Президентін ешкім де сынамасын, ол ыңғайлы ұстанымды иелік етті. Бұл ретте Қырғыз Республикасы үшін ілгерілеушілік айқын болады. Олар өз елдерінде бар ет өнімдерін және басқа да тауарларын біздің ортақ нарығымызға жеткізе алады. Жаңа жылға дейін бұл мәселелер ілгерілетілетіндігіне сенім артамын. Қырғызстан ЕАЭО-ға қосылғанына өкінбейтін болады», - депті сайлаудан кейінгі сапарында  А.Лукашенко. Бұл нені білдіріеді? Саяси бүліктің шырпысын тастай салсаң, тез-ақ  тұтана кететін Қырғызстанның  қазрігі кезде ТМД үшін тыныштығы керек. Әйтпегенде Сирия және Ресей һәм Қырғызстан деген жаңа ойын пайда болуы мүмкін. Ал, пост кеңестік елдер бұл ойынға дайын емес. Қалай болғанда да Ресей дағдарыс кезеңіндегі  ауыртпалықтан арылса ғана мәжіліс құрып отырған көсбашшылардың байтағындағы  мекенге күн күлімдейтіні осы отырста мәлім болып қалды.Отырыс алдымен  ЕАЭО аясында өтті де, кейін ақпарат таратуда ТМД мемлекеттерінің көшбасшыларының кездесуі деген сипатқа қарай өзгеріп бара жатты. Демек, ТМД-ның  алдағы уақыттағы  атауы да жаңа сипатқа ие болатынына әлеумет дайындала берсе болатын секілді.

Айнұр Төлеу

Қатысты Мақалалар