Автобус жүргізушілерінің көбінің құжаты дұрыс емес

/uploads/thumbnail/20170708200656786_small.jpg

Қазанның 14-і мен 16-ы аралығында ІІМ «Автобус» республикалық алдын алу шарасын өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы.kz» порталы.

Үш күнге созылған шара барысында полицейлер автобус жүргізушілері тарапынан жіберілген 7,6 мың жол ережесін бұзу фактісін анықтаған. Таратып айтар болсақ, 18 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізсе, 123 еңбек және демалыс режимін бұзу анықталған. 245 шопыр тізгінге тиісті куәліктерсіз отырса, 332 жүргізушіде міндетті сақтандыру полюсі болмаған. 166 көлік заңсыз қайта жабдықталған, 145 көлік рейс алдындағы техникалық тексерістен, 534 автобус жоспарлы техникалық тексерістен өтпеген. Ереже бұзушылықтардың 180-і – жолаушылар тізімінің болмауы, 455-і жылдамдықты шамадан тыс асыру, 1540-ы рөлде отырып телефонмен сөйлесу, 22 қарсы бағытқа шығу,  503 қоршаған ортаны ластау, 263 жаяу жүргіншілерге жол бермеу, 1131 маневр ережесін бұзу, 9 лицензиялау нормаларын сақтамау деректері бойынша тіркелген.

Үстіміздегі жылдың 9 айында Республика жолдарында автобус жүргізушілерінің қатысуымен 455 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сонымен қатар, полциейлер, жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен 600-ден аса жол-көлік оқиғасының болатынын, соның салдарынан осы күнге дейін 74 адам қаза болып, 900-ден аса адам жарақат алғанын хабарлады.

Қатысты Мақалалар