Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік өнімдеріне жеңілдік жасауға шақырды

/image/2024/03/12/crop-8_11_630x1120_20240306093120317_big.jpg

   Бас мүфти баршаны қасиетті айда атқарылатын игі шараларға үлес қосуға шақырды.

- Осы ретте барша отандастарымды қасиетті айда жүзеге асатын "Рамазан қоржыны", "Рамазан сыйы", "Рамазан тәттісі" "Жомарт жұма", сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізген абзал екенін айрықша атап өткіміз келеді, – дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

- Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне барынша жеңілдік жасауға шақырамын. Азық-түлік мекемелерінде қолжетімді бағада ас мәзірін ұсыну – мақтауға тұрарлық істердің бірі. Бар жамандықтың бастауы болатын арақ-шарап дүкендері сатылмаса екен деген тілегімізді айтқым келеді. Осы ретте барша халықтың ортақ игілігі үшін салынып жатқан маңызды нысандардың: жол, көпір, мектеп, мешіт, медресе, балабақша, спорт кешендерінің құрылысына аз да болса үлес қосуға шақырамыз , – ҚМДБ төрағасы. 

   Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланған еді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар