Көлік министрлігі Қазақстанның құрлықтағы жері алда үлкеюі мүмкін екенін айтады. Себебі, Каспий теңізінің түбін тереңдету бойынша кең ауқымды жұмыстар басталды. Оның барысында жағаға орасан зор көлемде топырақ шығарылады. Ел Үкіметі теңіз астынан алынған топырақты пайдалану арқылы порт жанында жаңа алаңдар құратын болды.
Алдын ала есептерге сәйкес, нәтижесінде елімізде, бұрын теңіз болған жерде жалпы ауданы 171 гектарды құрайтын жаңа құрлық жер пайда болады.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, қазіргі кезде Каспийдегі кеме қатынасы қарқынды өсіп келеді, сонымен бірге Каспий теңізі жағалауынан кері шегініп, қатты таязданып барады. Мұның бәрі Үкіметке үлкен сын болып тұр. Бұл одан навигациялық қауіпсіздік жүйесін жеделдетіп құруды талап етеді. Сондай-ақ ол "Тереңдету жұмыстары Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі проблемасын шешіп, порттың терминалдық қуаттарын одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ теңіз түбінен шығарылған топырақты пайдалану арқылы порт жанында жаңа алаң-аймақтар пайда болады. Алдын ала есептерге сәйкес, оның аумағы 171 гектарды құрайды", – деп мәлім етті.
Пікір қалдыру