Абай облысында екі теміржолшы арнайы схема құрып, 2022 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін 920 миллион теңге тұратын дизель отынын ұрлап келген. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
"Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталғандардың жүйелі түрде қатты жел тұрды деп жалған баяндама жасап келгенін дәлелдеді, локомотивтерді пайдалану кезінде дизельдік отын шығынының ұлғаю себебін түсіндіру үшін олар осылайша 3 мың тоннадан астам жанармай ұрлаған" – делінген ресми мәлімдемеде.
Сот депо бастығын 8 жылға, машинисті 7 жылға соттады. Сонымен қатар, екеуі де материалдық жауапты қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, сот оларға келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді.
Пікір қалдыру