Елімізде дәрі-дәрмек бағасы тағы қымбаттай ма?

/uploads/thumbnail/20250408152232261_big.webp

Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік саясат департаментінің директоры Жандос Әділхан елдегі дәрі-дәрмек бағасына қатысты жауап берді.

Айтуынша, министрлік баға саясатына қатысты бірқатар жұмыс атқаруда.

Қазіргі таңда еліміздегі дәрілік заттардың бағасын тұрақтандыру бойынша министрлік бірқатар жұмыстар жүргізілді. 2024 жылдың соңында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын белгілеу бойынша ережелеріне тиісті заңнамалық өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, бұрындары дәрілік заттардың бағасын қалыптастыру кезінде артық пайыздық үстемақылар қосылатын. Яғни кедендік салық, маркетингтік салық, тасымалдауды қосқанда, "пайыздың үстіне пайыз" қағидаты қолданылып келген. Қазіргі таңда министрлік бұл ескертулерді қолға алып, әлемдік халықаралық тәжірибе негізінде баға саясатын тұрақтандыру бойынша механизмді қалыптастырды. Бұл дегеніміз – дәрінің негізгі бағасына артық шығындарды қосу пайызы алынып тасталды. Бұл неге әкеледі? Зауыттан өндірілетін дәрілік заттардың тұтынушыға келгенге дейінгі бағасын көтермей, бірқалыпты ұстап тұруға қол жеткізіледі, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ол тек қана дистрибьютордің, болмаса өзіндік шығынның құны ғана көрсетілетіндігін алға тартты.

Біріншіден, халыққа тиімді қолжетімді әрі сапалы дәріге қол жеткізу мақсаты тұр. Екіншіден, қазіргі таңда көптеген препараттың баға саясатын негізсіз көтеруіне байланысты қосымша бұйрыққа өзгерістер енгізіліп жатыр. Атап айтсақ, бұрындары фармкомпанияның және зауыттардың өкілдерінде дистрибьюторлердің бағасын белгілеу бойынша тіркеу кезінде ғана баға ұсынылатын болса, қазір екі жылда бір рет міндетті түрде баға саясатын қайта тіркеуге міндеттейтін боламыз. Жаңа механизм қалыптастырған сайын бұрынғы ескі бағамен бекітілген дәрілер міндетті түрде түседі деп болжап отырмыз. Бұйрыққа өзгеріс енгізгеннен кейін дәрі арзандайды деп күтудеміз, - деп жауап берді департамент басшысы.

Ал биылдан бастап қосымша құн салығының артуы дәрі-дәрмек бағасына қалай әсер ететіндігіне қатысты сұраққа жауап берді.

Қосымша құн салығына қатысты денсаулық сақтау саласында арнайы жұмыс тобы бар. Олардың құрамында Мәжіліс депутаттары, арнайы бизнес өкілдері қамтылған. Дәрілік заттардың бағасына қосымша құн салығын қоспауға қатысты бірнеше рет талқылау өтті. Сәйкесінше, ол дәрі бағасының қымбаттауына әкелуіне байланысты ол қағидатты (ҚҚС қосу – ред.) ұстанбаймыз, - дейді Жандос Әділхан.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар