Қазақстандағы ең қымбат отаның құны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20250411154514254_big.webp

Мегаполисте науқастарға 709,7 млн теңгеге 107 донорлық органдар (бауыр мен бүйрек) салынған

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.

2024 жылы Алматы қаласында тек кардиохирургиялық оталарға 18,6 млрд теңге бағытталды. Барлығы 6805 ота жасалды, оның әрқайсысының орташа құны - 2,7 млн теңге. Сонымен қатар, қалада 8 млрд теңгеге 4521 нейрохирургиялық ота, 7 млрд теңгеге жамбас және тізе буындарын ауыстыру бойынша 4593 ота жүргізілген. Сондай-ақ, нейро-қан тамыр және қан-тамыр жүйесіне жасалған 5 045 отаға Қор 6,7 млрд теңге төледі. Сонымен қатар, жалпы құны 709,7 млн теңгеге науқастарға 107 донорлық органдар (бауыр мен бүйрек) салынған, - деді Ілияс Мұхамеджан.

Ең қымбат оталардың қатарына жүрекке қосымша қолдау көрсететін құрылғыны орнату (77,5 млн теңге), жүректің митралды қақпақшасын алмастыру (17 млн теңге) және аллогенді гемопоэтикалық дің жасушаларын алмастыру (16,9 млн теңге) кіреді. Бұл ота түрлерінің барлығы МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылды.

Қатысты Мақалалар