Тоқаев: «Түріктің түрікке дұшпандық жасауға қақысы жоқ»

/uploads/thumbnail/20251007215020394_big.webp

Әзербайжан Республикасында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, түркі халықтарының достық-бауырластық қарым-қатынасының маңызына тоқталды, сондай-ақ, бірқатар нақты әрі жүйелі ұсыныстарын ортаға салды. 

«Әзербайжанның әйгілі ақыны әрі осы тарихи жердің тумасы Бахтияр Вахабзаденің «Түріктің түрікке дұшпандық жасауға хақысы жоқ!» деген өсиеті бар. Біз аға буынның ұлағатты сөздерін жадымызда сақтап, түркілердің түбі бір туыс, бірлігі бекем бауыр екенін бүкіл әлемге паш етіп келеміз», - деді Президент. 

Саммитте Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов,  Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және байқаушы тараптардың басшылары сөз сөйледі.

Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ самиті қорытындысы бойынша Габала декларациясы қабылданды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар