Банкомат арқылы ақша салу тәртібі өзгереді

/uploads/thumbnail/20251007144808009_big.webp

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов банкомат арқылы 500 мың теңгеден артық қаражат салған кезде қаражат салушы азаматтың ЖСН көрсетілетін міндеттеме енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді. 

 

Төраға орынбасары мұндай шаралар банкомат арқылы заңсыз қаржы операцияларын жүзеге асыру мақсатында жасалып отырғанын айтты.

 

Агенттік ұсынысы:

- 500 мың теңгеден жоғары қаражат толтыру кезінде қаражат салушының ЖСН көрсету (бұрын тек алушының ЖСН көрсетілетін);

- Операцияны мобильді қосымша немесе СМС арқылы растау;

- Сондай-ақ, банкомат арқылы қаражат толтыру кезінде биометриялық ақпаратты сұрау.

 

Заңсыз ақша айналымын азайту мақсатында әзірленген жобаны ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов толық қолдайтынын мәлімдеді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар