ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бүгін Құрылыс кодексінің жобасы мен архитектура, құрылыс салалары бойынша тиісті өзгертулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Жобада құрылыс компанияларының құрылыс объектісіне кепілдік мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін ұзартылған. Депуттардың пікірінше, бұл шара құрылыс компанияларының құрылыс материалдарының сапасына, тапсырыс беруші мен орындаушының жауапкершілігіне, жалпы объектілердің сапасына оң әсер етпек.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары объектінің конструкциясына, қасбетіне және шатырына 10 жылдық кепілдік ұсыну туралы ұсыныс білдірді. Бұл мәселе жобаның екінші оқылымына дейін қарастырылады.