ҚР Парламенті Мәжілісі қабырғасында сынға ұшырап, депутат Еділ Жаңбыршиннен сөз естіген Питер Фостер «Эйр Астана» АҚ атқарушы директоры қызметінен кетеді.
«Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесі Питер Фостер атқарушы директор қызметінен және директорлар кеңесі құрамынан 2026 жылдың аяғында кететін хабарлады. Бірақ Фостер әрі қарай әуе компаниясында – директорлар кеңесінің аға кеңесшісі болып қызметін жалғастырмақ.
Әрі қарай компанияның Бас атқарушы директор қызметін қазіргі қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрагим Жанлыел атқарады.