Илон Маск 2025 жылы адам тәрізді роботтарды (humanoid robots) Tesla болашағының негізгі тірегіне айналдырды. Оның айтуынша, мұндай роботтар компания құнын ондаған триллион долларға дейін жеткізуі мүмкін. Алайда Tesla-ның Optimus роботы әлі сатылымға шыққан жоқ.
Ал осы арада Қытай адам тәрізді роботтарды жаппай өндіруде АҚШ-тан озып кетуі мүмкін.
Қытай неге алда?
Сарапшылардың айтуынша, Қытай адам тәрізді роботтарды коммерцияландыру кезеңінде АҚШ-тан алда тұр.
-
Қытай үкіметі робототехниканы стратегиялық басымдық деп жариялады
-
15-бесжылдық жоспарға «денесі бар жасанды интеллект» (роботтар, автономды көліктер) енгізілді
-
Негізгі мақсаттар:
-
Жұмыс күшінің азаю мәселесін шешу
-
Қарттардың мәселесін шешу
-
АҚШ-пен технологиялық бәсекеде үстем болу
-
Қытайдың басты робот компаниялары
Қазір Қытайда 150-ден астам адам тәрізді робот жасайтын компания бар. Ірілері:
-
Unitree – билей алатын H2 гуманоидын көрсетті
-
UBTech – 24 сағат үздіксіз жұмыс істейтін Walker S2
-
2026 жылы → 5 000 робот,
-
2027 жылы → 10 000 робот шығаруды жоспарлап отыр
-
-
AgiBot – 5 000-шы роботы конвейерден шықты
-
Xpeng – “Iron” атты гуманоидын яғни адам тәрізді роботтарын жаппай өндіруге дайын
Сарапшылардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай гуманоид роботтар нарығы 9 триллион долларға жетуі мүмкін, оның 60%-дан астамы Қытайға тиесілі болады.
АҚШ-тың артықшылығы неде?
АҚШ әзірге:
-
Жасанды интеллект
-
Алгоритмдер
-
Автономды басқару саласында мықты
Америкалық компаниялар роботтың барлық бөлшегін (бағдарлама, қозғалтқыш, чип) бір жүйеде бақылауға тырысады. Бұл қауіпсіздік пен интеллектуалдық меншік үшін маңызды.
Қиындықтар мен қауіптер
Қытай робототехникасында да тәуекел бар:
-
Nvidia сияқты америкалық чиптерге тәуелділік
-
Робот қолы мен саусақтарының адамдай дәл қимылдай алмауы
-
Қазіргі гуманоидтың бағасы:
-
150 000 – 500 000 доллар
-
Ал нарықта кең тарау үшін бағасы кемінде бұдан он еседей төмен болуы керек
-
Сонымен қатар, Қытай билігі инвестициялық “көпіршік” (bubble) қаупі барын ресми түрде ескертті.
Жалпы сараптама
-
Қысқа мерзімде → Қытай алда
-
Ұзақ мерзімде → Қытай мен АҚШ теңесуі мүмкін
-
Нағыз жаппай қолдану → 2040 жылдан кейін
Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі әдемі демонстрациялық видеолар шынайы өндірістік мүмкіндіктерден әлі де алда, сондықтан нарықта түзету болуы ықтимал.