Трамп Каракасқа соққы беруді бұйырды, Венесуэла төтенше жағдай жариялады

/uploads/thumbnail/20260103135759568_big.webp

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Венесуэла аумағындағы бірқатар нысандарға, соның ішінде әскери объектілерге әуе соққылары жасалды. 

Сенбіге қараған түні Венесуэланың астанасы Каракаста бірнеше жарылыс естіліп, қала үстінде түтін мен өрт байқалды. Куәгерлер төмен ұшқан әскери ұшақтарды көргенін айтады. Кейбір аудандарда электр қуаты өшкен.

Венесуэла үкіметі АҚШ-тың әрекетін «әскери агрессия» деп атап, қатаң айыптады. Ресми мәлімдемеде шабуылдар Каракасқа қоса Миранда, Арагуа және Ла-Гуайра штаттарында болғаны айтылды.

Президент Николас Мадуро елде төтенше жағдай жариялап, ұлттық қорғаныс жоспарларын іске қосуды тапсырды. Билік халықты сыртқы агрессияға қарсы бірігуге шақырды.

Көршілес Колумбия президенті Густаво Петро БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті. Ақ үй мен Пентагон әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар