Трамп «екі елдің президенті» атанды ма?

/uploads/thumbnail/20260112122030975_big.webp рбк

Дональд Трамп тағы да таңғалдырды.
Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Википедиядағы» өмірбаянға ұқсас етіп жасалған скриншот жариялап, онда 2026 жылдың қаңтарынан бастап өзін Венесуэланың уақытша президенті ретінде көрсеткен. Сонымен қатар «өмірбаянында» АҚШ президенті мәртебесін де сақтап қалған.

Бұл жазба АҚШ-тың Каракаста арнайы операция жүргізіп, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстағаны туралы резонансты жаңалықтар аясында пайда болды. Мәліметке сәйкес, Мадуро Нью-Йоркке жеткізіліп, Бруклиндегі тергеу изоляторына қамалған.

Оқиғаға пікір білдірген Трамп Монро доктринасына сілтеме жасап, АҚШ-тың қатаң әрекеттерге баруға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ тек Венесуэлада ғана емес, «Американың кез келген жауына» қарсы шара қолдануы мүмкін.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар