Прокуратура хабарлауынша, тексеріс барысында автокөліктерді жөндеу мен қосалқы бөлшектерді сатып алу бойынша жалған есептер мен келісімшарттар анықталды.
Нәтижесінде жедел жәрдем көліктері жиі бұзылып, қаражат ұрланған. Іс бойынша 4 адам ұсталды, олардың ішінде қызмет басшылары мен бас дәрігер бар. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.