АҚШ Конгресіне Гренландияны АҚШ-қа қосу туралы заң жобасы енгізілді

/uploads/thumbnail/20260113070219893_big.webp tengrinews.kz

АҚШ Конгресіне Гренландияны Америкаға қосу, аралға штат мәртебесін беру туралы даулы заң жобасын республикашыл Рэнди Файн енгізді. Арктикадағы күш тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін осы бастама халықаралық саясатта жаңа тартыс тудыруы мүмкін.

РБК жазғандай, конгрессмен жобаны АҚШ-тың Арктикадағы ұлттық қауіпсіздігін күшейту және Қытай мен Ресей ықпалына тосқауыл қою үшін қажет деп түсіндірді.

Заң жобасы не көздейді?

Файн кеңсесі жариялаған құжатта президентке Гренландияны АҚШ жері ретінде «аннексиялау немесе өзге жолмен иелену» қадамдарын бастауға өкілеттік беру ұсынылады. Оның ішінде Даниямен келіссөз жүргізу қарастырылған.

«Мұндай аннексия» аяқталған соң президент Конгреске жаңа аумақты штат ретінде қабылдауға қажет федералдық түзетулер топтамасын ұсынуы тиіс болады.

Заң жобасы Конгресс базасына әзірге тіркелмеген.

Саяси фон: Арктика үшін тартыс

Файн Байден әкімшілігінің Арктикадағы позициясы әлсіреп қалды деп санайтынын айтты, ал Қытай мен Ресей өңірдегі қатысуды күшейтіп жатыр деді. Ол Гренландияны арктикалық теңіз жолдары мен қауіпсіздік архитектурасының кілті деп сипаттады.

Гренландияның мәртебесі қандай?

Гренландия Дат корольдігі құрамына кіреді. Арал 1953 жылға дейін Данияның отары болды, 2009 жылы кең автономия алып, ішкі саясатты өз бетінше айқындайтын құқық алды. Сыртқы және қорғаныс саясатына қатысты негізгі шешімдер Копенгаген құзырында қалып отыр.

Осы тақырыпты Дональд Трамп президенттігінің екінші мерзімінің басынан бері бірнеше рет көтерді, аралдың АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор деді.

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қатысты Мақалалар