Ирандағы үкіметке қарсы наразылықтарға байланысты Тегеранға қарсы қолданылуы мүмкін әскери және жасырын (кибер, психологиялық) шаралар жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен брифинг болған. Бұл туралы Пентагондағы дереккөздерге сілтеме жасап BBC хабарлады.
Мүмкін нұсқалар қатарында алыс қашықтықтағы зымыран соққылары, кибероперациялар және Иранның басқару жүйелері мен байланысын әлсірету әрекеттері бар. Ақ үйде сейсенбі күні Иран мәселесіне арналған қауіпсіздік кеңесі отырысы өтуі мүмкін.
Адам құқықтарын қорғау ұйымдарының дерегінше, соңғы үш аптада Иранда 600-ден астам наразылыққа қатысушы қаза тапқан. Осыған байланысты Трамп Иранмен сауда байланысы бар елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді.
Иран тарапы келіссөздерге дайын екенін айтқанымен, соғысқа да әзір екенін ескертті. Сарапшылар АҚШ-тың кез келген әскери қадамы аймақтағы жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін атап өтуде.