Қытай мен Жапония нарықтары өсуде, АҚШ-та құбылмалылық сақталуда

/uploads/thumbnail/20260114155734762_big.webp SM

Қытайдың жылдық сауда профициті рекордтық 1,2 трлн долларға жетті. Желтоқсан айында экспорт 6,6%-ға, импорт 5,7%-ға өсті. Дегенмен, Трамп әкімшілігі кезінде ең негізгі экспорт бағыттарының бірі АҚШ-пен саудасы айтарлықтай төмендеп, Қытайдың АҚШ-қа экспорты бір жылда 20%-ға қысқарды. Бұл жағдай тарифтік шектеулер мен сауда бағыттарының өзгеруімен түсіндірілуде.

Қытай билігі АҚШ-пен сауда қарым-қатынасы өзара тиімді болуы тиіс екенін айтып, диалог пен келіссөздерге шақырды. Сонымен қатар, Еуропалық одақ пен Азия елдеріне экспорт көлемінің артуы Бейжіңнің АҚШ нарығынан тәуелділікті азайтып жатқанын көрсетеді.

Жапонияда акция нарығы жаңа тарихи деңгейге жетті. Nikkei 225 индексі 54 мыңнан асып, рекорд орнатты. Инвесторлар "премьер-министр Санаэ Такаичидің кезектен тыс сайлау жариялауы мүмкін" деп жапон акцияларына белсенді қаржы құюда. Әлсіреген иена жапон экспорттаушыларына қосымша қолдау беріп отыр.

Ал АҚШ-та қор нарығында сақтық көңіл-күй басым. Инвесторлар Дональд Трамп әкімшілігінің соңғы экономикалық бастамалары мен саяси мәлімдемелеріне байланысты құбылмалылықты бағалап жатыр. Осыған байланысты негізгі америкалық индекстер соңғы сессияларда аздап төмендеді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар