Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің Бас штабының бастығы қызметіне тағайындады. Осыған байланысты ол бұрын атқарып келген Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Сұлтан Камалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің Бас штабының бастығы қызметінен босатылды.
Тиісті кадрлық шешімдер Президенттің өкімімен қабылданды.