Адам Қадыров Мәскеуге жеткізілді

/uploads/thumbnail/20260117152420849_big.webp тенгрикз

Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыровты Мәскеуге санитарлық авиациямен тасымалдады. FlightRadar деректеріне сәйкес, Ресей ТЖМ-не тиесілі Ан-148-100-ЕМ санитарлық ұшағы Грозныйдан ұшып шығып, Мәскеу уақытымен 01:10-да Внуково әуежайына қонған.

Ұшақ Шешенстан аумағынан 19:37-де көтеріліп, Мәскеуге әдеттегі рейстерге қарағанда шамамен жарты сағатқа ерте жеткен. Бұл рейс Адам Қадыровтың жол-көлік оқиғасына қатысы бар деген ақпараттан кейін тіркелді.

Санитарлық борттан кейін көп ұзамай Мәскеуге Рамзан Қадыров әдетте шетелдік сапарларына пайдаланатын Airbus RA-73417 ұшағы да ұшып шықты. Аталған әуе кемесі апат болған күні Дубайда болған және Мәскеуге 17:47-де аттанған. Ол да Внуково әуежайына санитарлық ұшақтан кейін қонған.

Бұған дейін Адам Қадыров Грозныйдағы республикалық ауруханаға жеткізілген. Кейін оны Мәскеуге тасымалдау жөнінде шешім қабылданған.

Шешенстан билігі әзірге жол апатына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Адам Қадыров 18 жаста. Ол Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарады. 2025 жылғы сәуірде Шешенстан Республикасындағы Ішкі істер министрлігінің кураторы болып тағайындалған. Сонымен қатар ол В.В. Путин атындағы Ресей арнайы мақсаттағы университетін, сондай-ақ Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты Шейх-Мансур және Байсангур Беноевский атындағы батальондарды қадағалайды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар