Әлеуметтік қолдау көлемі әркелкілендіріледі

/uploads/thumbnail/20170708203352900_small.jpg

Палата басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Сенат отырысында депутаттар «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарын орындауға бағытталған бірқатар заңдарды қабылдады.
Сенаторлар «Астана» халық­аралық қаржы орталығы туралы» Конс­титуциялық заңды талқылап, қабылдады. Орталықтың аума­ғын­да өзінің заңнамасы болуы болжанатын ерекше құқықтық режім қолданылатын болады. Құ­жатта Орталықты басқару жө­нін­дегі кеңес – Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті басқаратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган құру көзделген.
Заңнамаға екінші деңгейдегі банк­тердің жұмыс істемейтін кре­дит­тері мен активтері, қар­жы­лық қызметтер көрсету және қар­жы ұйымдары мен Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Ұлттық банкінің қызме­ті мәселелері бойынша түзету­лер қабылданды. Заң қаржы жүйе­сіндегі тұрақ­тылықты нығайтуға, қаржы ұйым­дарының қызметін жақсарту үшін құқықтық жағдайлар жасау­ға, сондай-ақ, қаржылық көрсеті­летін қызметтерді тұты­нушы­лар­дың құқықтарын қорғау­дың тиімді тетіктерін қалып­тас­тыруға бағытталған. Банктермен бірле­се отырып, «Проблемалық кре­диттер қоры» АҚ, екінші дең­гей­дегі банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын ұйымдарды құру мүм­кін­дігі көзделеді. Сондай-ақ, қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету, банк­те көрсетілетін қызметтерінің ашық­тығын арттыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қам­тамасыз ету, қаржы ұйымдары менедж­ментінің жауапкершілігін күшейту, ис­ламдық қаржы­лан­дыру құралдарын енгізу қарас­ты­рылады.
Сенаторлар Еңбек кодексін және заңнамаға еңбекті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Жаңа кодекс ең­бек шарттарын жасасуды, жұмыс­кер­лердің барлық санаттарына сынақ мерзімін белгілеуді, жұмыс­кер­лерді кадрлық тұрғыдан ауыстыру бөлігінде ерекшеліктерді көздейді. Бұл құжатпен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын тоқтату негіздерінің тізбесі кеңейтіледі, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, жастарды қоса алғанда, жұмыскерлердің жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге кешенді қадамдар енгізіледі. Дуалды оқыту, жұмыскерді бас­қа заңды тұлғаға іссапарға жіберу жө­ніндегі ережелерді енгізу көз­деледі. Қоғамдық бақылау саласын күшейту мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер тарапынан кәсіподақ ұсынатын жұмыскерлер қатарынан техни­калық инспекторлар институтын енгізу ұсынылады. Жұмыскерлер үшін жасалатын ұжымдық шарттар және келісімдер арқылы кеңейту мүмкіндігі бар базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтар бекітіледі.
Заңнамаға еңбекті реттеу мә­се­лелері бойынша ілеспе түзету­лермен еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеуді кеңей­ту, сондай-ақ, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауы үшін жауаптылығын регламенттеу көзделіп отыр. Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жібергені, ұжымдық шарт жасасу жөніндегі талаптар, сондай-ақ, еңбекке ақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық күшейеді.
Сенаторлар заңнамаға ха­лық­тың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Құжатпен Салық кодексіне алымның жаңа түрі – елімізге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алымдар енгізу бөлігіне толықтыру енгі­зі­леді. Сонымен бірге, құжатта этностық көші-қон саясатына да өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Мәселен, шетелдерде тұратын, оның ішінде тарихи Отанына көшіп келетін этностық қазақтармен жұмыстарда Қазақстан Респуб­ли­касының шетелдердегі меке­ме­лерінің рөлі ұлғаяды; өтініш беру тәртібі өзгереді, оралман­дар­ды қоныстандыруда бері­летін әлеуметтік қолдау көле­мі аймақтарға байланысты әркелкіленетін болды.
Регламентке сәйкес, екінші оқы­лымда қаралғаннан кейін салық салу және кедендік әкімші­лендіру мәселелері бойынша сенаторлардың түзетулері Мәжі­ліске жіберілді.
Заңнамаға үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша түзетулер қабылданды. Заң ережелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Осылайша, заңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауап­ты­лық белгілеу бөлігінде толықтыру енгізу ұсынылып отыр.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» және «Коммер­циялық емес ұйымдар туралы» заңдарда мыналар: республикалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік міндеттерді шешуде елеулі үлес қосқаны үшін гранттар мен сыйлықақылар түрінде ҮЕҰ-ларды қаржыландырудың жаңа түрін енгізу; қоғамдағы болып жатқан үдерістерге жедел әрекет ету мақсатында ҮЕҰ-ларды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың қызметін атқаратын ұйымды құру; ҮЕҰ-ларға арналған гранттар мен сыйлықақылар бөлу тетігін құқықтық реттеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсы­рыс­тың және мемлекеттік гранттардың қаражатын пайдаланғаны үшін ҮЕҰ-ның жауапкершілігін нақ­тылау және арттыру арқылы ҮЕҰ-ның қоғам алдындағы ашықтығы қағидатын енгізу көзделеді.
Заңды қабылдау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарды берудің конкурстық рәсімдерінің тиімділігін арттыру арқылы азаматтарға әлеуметтік көрсе­тілетін қызметтерді берудің дең­гейін көтеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, әртүрлі деңгей­дегі әлеуметтік проблемаларды шешуде жұртшылықтың қаты­суына ықпал етеді.
Заң жобалары бойынша Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және басқалар сенаторларға түсініктеме берді.

"Қамшы"  сілтейді

Дереккөз: егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар