Астанада жылу, су мен электр энергиясының бағасы қымбаттады

/uploads/thumbnail/20170708210510527_small.jpg

1 қаңтардан бастап Астанада жылу, су және электр энергиясын тұтыну бағасы қымбаттады, - деп хабарлайды КазТАГ.

«Астана-теплотранизит» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ, «Астана сур арнасы» МКК-ның ұсыныстары қарастырылып, 2016-2020 жылдарға арналған тарифтер деңгейі бекітілді. Ол тарифтер 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді», - делінген Астана қалалық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті таратқан хабарламада.

Сонымен, «Астана-РЭК» ұсынатын электр энергиясының бағасы бұрын кВт/сағатына 2,89 теңге болса 2016 жылы қосымша құн салығынсыз 3 теңге, 2017 жылы 3,06 теңге, 2018 жылы 3,08 теңге, 2019 жылы 3, 10 теңге, 2020 жылы 3,11 теңгеге өсетін болып бекітілді.

 Ал, ауызсу бағасы («Астана сур арнасы» МКК) текше метрі үшін ҚҚС қоспағанда 72,49 теңгеден 94,25 теңгеге өсіп отыр. Сондай-ақ, тұрғындардың суды пайдалану деңгейіне қарай дифференциалды тарифі алынып тасталды. Енді барлық тұрғындар үшін қанша су пайдаланғанына қарамастан біріңғай тариф қолданылмақ.

Жылу бағасы да алдағы бес жылда өсе бермек. Яғни, 2016 жылы 1 Гкал жылу үшін 1070 теңге, 2017 жылы 1134 теңге, 2018 жылы 1202 теңге, 2019 жылы 1262 теңге, 2020 жылы 1325 теңгеге өспек. Бұл бағаларға қосымша құн салығы енбеген.

Қатысты Мақалалар