Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2121 теңгені құрайды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Өткен жылы бұл көрсеткіш 1982 теңгені құрағанын естеріңізге саламыз.
Сондай-ақ, «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздегі күнкөріс минимумы 22859 теңгені құрайтын болады. Өткен жылғы күнкөріс минимумы 21364 теңгені құраған еді.
Күнкөріс минимумы көлемі дегеніміз – құрамына адам өміріне қажет азық-түлік, тамаққа жатпайтын тауарлар мен қызметтердің төменгі мөлшері кіретін бағалық жиынтық.