Енді ең арзан фильтрлі шылымның құны 240 теңге болмақ, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Интерфакс-Қазақстанға» сілтеме жасап.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде темекі бағасы өседі. Жаңа баға 2015 жылғы 12 қазандағы «Фильрлі шылымның бөлшек саудадағы төменгі бағасын бекіту туралы» Үкімет қаулысына сай бекітіліп отыр.
Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең арзан шылым құны 200 теңгені, ал өткен жылдың күз айларында бұл көрсеткіш 220 теңгеге қымбаттаған болатын.