Қытайдағы қазақ боксшысы үздік спортшы атанды

/uploads/thumbnail/20170708210532621_small.jpg

Қытайда тұратын қазақ боксшысы Бейсенбі Нәсиолла жақында үлкен жеңіске жетіп, өз салмақ категориясында ҚХР-дың бірінші нөмірлі боксшысы атанды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бір апта бұрын Бейсенбі Куньминь қаласында 2015 жылы өткізген соңғы кездесуінде алғашқы минутта-ақ қарсыласын ұрып жыққан.

Бейсенбі Нәсиоллаұлы – қазақ боксшысы Қанат Исламның жерлесі, Қытайдағы Алтай аймағының тумасы. Қаба қаласында 1994 жылы дүниеге келген. Боксшының есімі тек Қытайда ғана емес, Филиппин мен Тайландта да танымалдыққа ие.

Өткен жылы ол кәсіби бокстан Қытайда өткен Азия турнирлеріне 8 мәрте қатысып, тек біреуінде ғана ұпай санымен жеңіліс тапқан. Қазір боксшы қытайлық «Жон-Вей» компаниясымен келісімге отырып, филиппиндік Лиябын Дунның қол астында жаттығуда. Салмағы – 66,8 келі, бойы – 180 см. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол өз салмағы бойынша әлемдік рейтингте 270-орынға тұрақтаған.

 


 

Қатысты Мақалалар