71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жүсіпов Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберген еді.
Алайда 11 желтоқсанда Қазақстан бокс федерациясы IBA және ASBC ұйымдарына ресми наразылық хат жолдады. ҚБФ ресми хатында Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жекте өзбек боксшысының ережелерді өрескел бұзғаны атап көрсетілген. Хавасбек Асадуллаев жекпе-жекте Абылайхан Жүсіповті иығынан тістеп алған.
Сонымен қатар шаршы алаңда сербиялық төреші Джованна Угреновичтің қателікке бой алдырғаны атап өтілген. Ал Қазақстан тарапы наразылықты дәлелдеу үшін фото және бейнематериалдар ұсынды.
Нәтижесінде IBA мен ASBC жекпе-жекті қайта қарап, алтын медальді Жүсіповке беру туралы шешім қабылдады. Асадуллаев белгілі бір мерзімге жарыстардан шеттетілді.
Еске сала кетейік, Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегі туралы осыған дейін жазғанбыз.
Пікір қалдыру