Абай облысында күзгі жиын-терін ойдағыдай аяқталды

/uploads/thumbnail/20241213113746345_big.webp

2024 жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егін жинау алаңы 749,5 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар 299,0 мың га, майлы дақылдар 295,8 мың га, картоп 5,8 мың га, көкөністер 5,4 мың га, ал жемшөп дақылдары 143,5 мың гектар алқапқа егілді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген аппараттық жиында облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев айтты. 

Бүгінгі таңда өңірде астық жинау толық аяқталды. Орташа өнімділігі 15,0 ц/га болатын 449,7 мың тонна астық бастырылды. 444,8 мың тоннадан астам майлы дақыл, 134,2 мың тонна картоп, 128,4 мың тонна көкөніс жиналды. 

5,8 мың га алқаптан картоп 229,8 ц/га жиналып, нәтижесінде 134,2 мың тонна өнім алынды. Көкөністерді жинау да аяқталды. Өнімділігі 236,9 ц/га болатын 128,4 мың тонна жиналды.

Егін ору жұмысына 4 мың трактор, 2,4 мың комбайн және 700 орақ тартылды. Ауыл шаруашылығы техникасының үздіксіз жұмыс істеуі үшін литріне 250 теңге бағамен 15,3 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Тұқым сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл тұқымның элиталық сорттарын пайдалану үлесі 8,3% құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға жоғары. Сондай-ақ 49 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді.

Машина-трактор паркін жаңарту аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 7 млрд теңгеге 547 бірлік техника сатып алынды. Егін жинауға арналған қоймаларға жалпы сыйымдылығы 206 мың тонна лицензияланған элеваторлар және 870,9 мың тонна фермерлік астық қоймалары кіреді.
2025 жылдың көктемгі егісіне 39,6 мың тонна тұқым дайындалды, бұл қажетті көлемнің 103,3% құрайды. 

Ағымдағы жылы облыста су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 13,9 мың гектар алаңға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар