Ресей тұрғыны Стамбұлды қайтаруға шақырды

/uploads/thumbnail/20170708210541715_small.JPG

Ресей тұрғыны әлеуметтік желіде Президенттен Түркияның Стамбұл қаласын Ресей құрамына қосуды сұрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Әлемдік желіде «N А-ва» деген атпен тіркелген Мәскеу тұрғыны Стамбұл Ресейге тиесілі қала деп санайтынын жасырмаған.

«Орыстар – құдайдың сүйікті халқы. Ал, бұлар кімдер? Ешкім емес. Сондықтан, Стамұл РФ құрамына өтуі керек, ал, православтардың киелі жерлерін мұсылмандардан азат ету халықты ұлт көшбасшысы төңірегіне топтастырады», - деген ол.

Сондай-ақ, ол Константинопльді қайтару туралы ақырғы сөзді Орыс-православ шіркеуінің патриархы Кирилл айтуы керек деген.

 

 

Қатысты Мақалалар