Сүннит-шиит тартысы жаңа қарқын алуда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210546793_small.JPG

Иран астанасы Тегеранда Сауд Арабиясының Иранда аты танымал, шиіттік ағымның уағызшысы Нимр әл-Нимрдің жазалануына қарсы ереуілдер күшейіп кетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24-арнаға сілтеме жасап.

Тегерандағы Сауд Арабиясы елшілігінің алдына жиылғандар ғимаратқа баса көктеп кіріп, жанғыш сұйықтық құйылған ыдыстар лақтырып, елшілікті өртеп жіберді. Оқиға орнына келген Иранның Сыртқы істер министрі наразы топты елшілік қызметіне құрметпен қарауға шақырып, Эр-Риядтың уағызшыны жазаға тартқан шешіміне ресми түрде қарсы екендіктерін мәлімдеді. Жергілікті тәртіп сақшылары бұзақыларды елшілік ғимаратынан алып шыққан. Дегенмен онда жиналғандар саны азаятын түрі жоқ. Өз кезегінде Эр-Риядтағылар Иранның бұл әрекетін Сауд Арабиясының ішкі істеріне араласу деп бағалап отыр.

 

Қатысты Мақалалар