Ұлттық қордағы қаржыны пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев мәлімдеді.
Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы бюджеттік саясатының негізгі мақсаты осы. Еске сала кетейік, маңызды құжатты жаңа жыл қарсаңында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев таныстырған еді. Оның айтуынша, биылғы жылдың сәуір айына дейін Ұлттық қордағы қаржыны пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуы тиіс. Ал наурызға дейін бюджеттік кодекске толықтырулар енгізіледі. Сондай-ақ тиімсіз шығыстарды болдырмау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар тексеруден өтеді. Бұл шара сәуір-тамыз айларына жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, келесі жылдан бастап барлық жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру түгелдей жергілікті әкімдіктерге тапсырылады.
Дереккөз: 24-арна.