«NewTimes.kz» ақпарат агенттігі «Көкшетау-Ерейментау» бағытында қатынайтын электр пойызының шамадан тыс жолаушы тиеген видеосын жариялады.
3 қаңтар күні түсірілген видеода пойыздағы жолаушылардың қолданыстағы нормадан әлдеқайда көп екені анық көрінеді. пойызБұл Астана-Көкшетау аралығындағы автокөлік жолдарының боранға байланысты жабылуына орай туындаған жағдай дейді жолаушылардың өздері.
Оқиғаға байланысты түсінік берген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы басшылығы мұны демалыс күндерінде жиі қайталанатын әдеттегі жағдай деп отыр.
«3 қаңтарда Көкшетау-Ерейментау бағытынла 800 жолаушыға арналған 8 вагон қызмет көрсетті. Жолаушылар санының артатыны ескеріліп, бұрын қатынап жүрген 6 вагонға тағы екеуі қосылды, вагонға отырғызу нормасын көтердік», - деген компанияның пайдалану бөлімі бастығы Игорь Пак.
Оның айтуынша, қауіпсіздік ережелерінде вагон ішіндегі 1 шаршы метр орынға 5 адамнан есептелетін көрінеді.
«Бір вагонға 50-60 адам міне алады. Бірақ, сол күнгі суықты ескеріп, ешкімді далада қалдырмау керек деген шешім қабылданды. Мереке сайын осылай қосымша вагондар мен электр пойыздарын шығарамыз. Мүмкіндік болғанда тағы да бірнеше вагон қосар едік. Алайда, барымыз осы болды», - дейді компания өкілі.