Шымкентке деген «махаббатты ояту» үшін қала басшылығы 7 миллион теңге бөлді

/uploads/thumbnail/20170708210626091_small.JPG

Шымкент қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар порталында халықтың шаһарға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін 7 миллион теңгелік лот жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Әкімдік қалаға деген сүйіспеншілікті насихаттау жұмыстарына 7 миллион теңге жұмсамақ екен.

Сондай-ақ, порталда қала әкімдігінің жұмысы туралы жарияланымдар үшін 9 миллионнан артық қаражат бөлу қарастырылған.

Бұдан басқа, Шымкент қаласы аумағында жастар саясатын насихаттау мен жастар ұйымдарының жұмысын көрсетуге 1 875 мың теңге жұмсау көзделуде.

Жалпы, мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған қомақты лоттар бір бұл емес. Бұған дейін, ішкі істер министрлігі аталған порталға генерал погондарын сатып алу үшін 2 миллион теңгелік лот орналастырған еді.

 

Қатысты Мақалалар