Жастар театры жаңа спектакль ұсынады

/uploads/thumbnail/20170708210629388_small.JPG

Ғ. Мүсірепов атындағы Академиялық мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар театры «Бір түп алма ағашы» қойылымын ұсынады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Мұрат Ахманов сахналайтын қойылым 14-15 қаңтар күндері көрермендердің назарына ұсынылмақ.

«Өмір...  Өмір...  Өмір  бәрібір  өз  дегенін  істемей  қоймайды.  Тағдырмен  күресу  үшін,  таусылмас  күш,  талмас  қажыр-қайрат  керек.

Адамдар  ержетіп,  шаңырақ  көтеріп  бөлек  шыққан  соң  бір-бірінен  суынып,  бауырлар  бөтенсіп  кетуі  керек  пе?  Ондай  заңды  кім  шығарды?!  Әлде,  бұл – табиғаттың  заңы  ма?..  Олай  болса,  ондай  заңның  көк  тиынға  керегі  не?!..». Қойылым осы сұраққа жауап іздеген жанның ішкі сарайын байытады» делінген театрдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қатысты Мақалалар