Алдағы үш жылда еліміз бойынша 13 мыңнан астам жалдамалы пәтер қолданысқа беріледі, - деп хабарлайды 24-арна.
Экономиканың өсуі үшін халықты баспанамен қамтамасыз ету – Үкімет үшін басты бағыттардың бірі. Қазірде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне» жиналған барлық қаражатты кепілдендіру үшін мемлекет тарапынан биыл 21 млрд теңге бөлініп отыр. Ал, келесі жылы қосымша 16 млрд теңге осы бағытқа жұмсалмақ.
Сондай-ақ бюджеттік несиелендіру және субсидия есебінен инфрақұрылымдар да жаңартылады. Мәселен, биыл шамамен 300 шақырым жылу және су құбырлары күрделі жөндеуден өтеді.