Семейде Ертіс өзеніндегі аспалы көпірден секіріп кеткен ер адам тірі қалды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 6 қаңтарда күндізгі уақытта болған. ТЖ жөніндегі басқармаға ер адамның аспалы көпірден секіргені жайлы хабар келіп түскен. Болған оқиға жайлы Семей автомобилистері қоғамдық бірлестігінің белсенділері хабарлаған.
"Біздің белсенді қатысушыларымыз қаланы айналып жүреді. Солар бүгін бір адамның көпірге шығып алғанын көрген. Бұдан кейін тоқтап, қызметкерлерге хабарласып, олар өз кезегінде жедел әрекет етіп, адамды құтқарып қалды", - деді бірлестіктің өрағасы Болат Жүнісбаев.
Куәгерлердің мәліметінше, ер адам суға түскен. Ол өзен бойындағы кішігірім аралдың үстіне қарай жүзіп барыпты да бірнеше метр жүргеннен кейін суықтап, құлапты. "Оның қатты суықтап қалғаны көрініп тұрды, қолдары тартылып қалғандай еді", - дейді куәгерлер.