Моңғолиядағы қазақ жастары жапон ғалымдарымен бірлоесіп дрон құрастырды. Бұл туралы «Қамшы» порталы kaznews.mn-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Өзін өзі басқаратын дрон SkyMapper деп аталады. Жоба құрастырушылар құрылғының көмегімен әуе кеңістігінен жан жануарларды бақылау, санау, жер телімдерін бөлу, кадастрлық сурет шығару, қашықтықтан бақылау жұмыстарын атқаруға болатынын айтады.
Дронның қанаты 1,7 метр, ұзындығы 1,3 метр. Бір рет толық зариядталып 20 минутға жуық уақыт, 36 км/сағат жылдамдықпен ұша алады.
Жобаның жетекшісі Моңғолия Ғылым және Текникалық университетінің ұстазы Манас Саниязұлы. Жобаның құрамында инженер мамандығы бойынша 4 курс студенті Т.Ерболат симуляциясын жасаған болса, 2 курс студенттері Б.Анхбаяр, С.Серікжан қатарлы студенттер дронның қанаты мен қосымша бөлшектерін жасауға көмектескен.
Төменгі бейнебаяннан SkyMapper қалай ұшып жүргенін көруге болады.
Ал, Жапония Кюүшюү университетінің профессоры Шин Ичиро Хигашино кеңес берген.