Доллар бағамы 350 теңгеден асты

/uploads/thumbnail/20170708210712591_small.jpg

Қазақстандық қор биржасында бүгін өткен таңғы сауда нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 351,85 теңгені құрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

8 қаңтардағы алғашқы сауда 351,5 теңгеге жасалды. Бұл осы күнгі сауданың төменгі бағамы болса, жоғарғы бағам шегі 352,5 теңгені құрады. Жалпы, бүгін қор биржасында барлығы 47,7 миллион доллар сатылып, саудаға 22 ұйым қатысты.

Ал, ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 350-355 теңге аралығында саудалануда.

Қатысты Мақалалар