Дәретханада табылған сәбидің анасы ұсталды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708210811077_small.jpg

Кеше Жамбыл облысының полицейлері Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы жол бойындағы дәретханада босанып, сол жерде сәбиін тастап кеткен келіншекті қолға түсірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Өз нәрестесін өлтіруге әрекеттенді деген азамат сол ауданның 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ол ұсталып, ішкі істер органдарына жауап беруде.

«Тергеу мүддесіне орай, аталған азаматша туралы мәліметтер әзірге жарияланбайды. Оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта БАҚ-та хабарланады» делінген полицейлер таратқан хабарламада.

Ал, нәресте қазіргі таңда Т. Рысқұлов ауданының орталық ауруханасында емделуде. Дәрігерлер нәрестенің денсаулық жағдайы жақсы деп отыр.

 

 

Қатысты Мақалалар