Мемлекеттік кіріс департаментінің екі қызметкері тұтқындалды

/uploads/thumbnail/20170708210813999_small.jpg

Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік кіріс департаментінің үш қызметкері мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілініп, екеуі қамауға алынды, біреуі қашып кеткен - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Топ мұнайды Павлодар-Шымкент мұнай құбырынан ұрлап келген. Шымкенттің әл-Фараби аудандық сотының хабарлауынша күдікке ілінгендердің ішінде 36 жастағы мемлекеттік кіріс департаментінің аға офицеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқарды деген айып тағылуда.  Бұл үшін ол 13 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«Бұл баптардың бірінің санкциясы 8-ден 13 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ол қылмыстық топ құрды және оны басқарды деп айыпталуда. Бұл жағдайда оны кепілзатпен босату қарастырылмаған»,- дейді күдіктілерді тұтқындауға санкция берген судья Ғани Байарыстан.

Тергеушілердің айтуынша, ОҚО Созақ ауданында мұнай құбырларынан қара алтын ұрлаушылар ісін зерттеуге тиіс бұл офицерлер шын мәнінде сол топтың заңсыз әрекетіне басшылық жасап келген.

Қатысты Мақалалар