Алматыда 11 қаңтардан бастап «Оңай» жүйесі толық қолданысқа енеді

/uploads/thumbnail/20170708210822655_small.jpg

Алматыда 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап қоғамдық көлікке жол ақысын тек "Оңай" карталары арқылы төлеуге болады. Жол ақысын төлеудің басқа түрлері жарамсыз болады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Енді автобус, троллейбус, трамвай және метрода жүру ақысын тек «Оңай» картасымен төлей аласыз.

11 қаңтардан бастап карта арқылы төлем жасамаған адамдарға 2 АЕК (4242 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетсек, «ОҢАЙ» карталарын толтыру әдістері де көбейтілді. «QIWI» термналдары мен «QIWI Кошелек»-тен басқа HOMEBANK және «Касса24» терминалдары арқылы толтыруға болады. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін картаны толтырудағы сандар тізбегі азайтылды. Электронды билеттендіру жүйесін енгізу Алматы 2020 жыл бағдарламасы бойынша қаланы дамытуға демеу болатын, қоғамдық көліктерді сапасын жақсартуға алғашқы қадам болып табылады.

Қатысты Мақалалар