Йеменнің солтүстігіндегі «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық гуманитарлық ұйымының ауруханасы тағы да жарылғыш снарядтармен атқыланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Аурухана Сауд Арабиясымен шекаралас жатқан Реза қаласында орналасқан. Мәліметтерге қарағанда жарылыстан 5 адам қаза тауып оншақтысы жарақат алған. Айта кету керек, бұл соғыс аймағында орналасқан емханалардың бірінші рет шабуылға ұшырауы емес. Былтыр қазан айында да екі бірдей емдеу ғимаратына қастандық жасалған еді.
Тереза Санкристовал, «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының менеджері:
- Ауруханамызға осымен үшінші рет шабуыл жасалып отыр және бұл аймақта бізге ғана емес, өзге де емханалар қирап жатыр. Қаза тапқан 5 адамның екеуі медицина қызметкері еді. Ал қалғандары науқастар мен күтушілер. Олар шабуыл жасалған уақытта ғимарат ішінде болған.