Степногорскіде мешіт ғимараты өртенді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Ақмола облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, өрт Степногорск қаласының іргесіндегі Заводской кентіндегі мешітте жексенбі күні болған.
«Таңғы 06.05-те мешіттің 20-30 адамдық намазхана ғимаратында өрт болды. Өрт салдарынан 100 шаршы метр аумақ отқа оранды» делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Тілсіз жау сағат 09.40-та ауыздықталған. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.