Астанада журналист 13-қабаттан секірді (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708210838968_small.JPG

Астанада «Fly» экстремалдар тобының өткізген акциясы аясында «NewTimes.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Кирилл Жданов 45 метр биіктіктен секірді.

«Эксперимент орнына келгенде журналистердің көбі бұл акция қалай сипат алатынынан хабарсыз болды. Ұйымдастырушылар мұндай эксперименттің әсерін тек секіріп қана толықтай сезінуге болатынын айтты. Акцияны ұйымдастырушыларға қандай да бір шағымы жоқтығы туралы келісімге қол қойып, қысқа нұсқаулық өткен 10 минуттан соң, 13-қабатқа көтерілдік. 45 метр биіктіктен жерге жету үшін бар-жоғы 2 секунд жеткілікті екен» дейді журналист.

Роуджампинг аталатын бұл ойын Қазақстанда біршама танымалдыққа ие. Бұл спорт түрінде спортшы биіктіктен жерге арқанның көмегімен секіреді.

Қатысты Мақалалар