Жаңа жылдан бастап елімізде әскери қызметшілер толықтай мемлекеттік зейнетақымен қамыздандыруға көшірілгені туралы хабарланған еді. Енді осы жүйенің қалай жүзеге асатынын ҚР Қорғаныс министрлігі зейнетақымен қамтамасыз ету орталығының басшысы Жанат Демеуов түсіндіріп берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы newtimes.kz- ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін әскери қызметке кіріскен әскери қызметшілер осы уақытқа дейін жинаған зейнетақы жинақтарының 50 пайызын мемлекетке аударады.
«Осы уақытқа дейін қорғаныс министрлігі зейнетақы қорларына, кейін БЖЗҚ-ға 86 миллиард теңге жарна аударған. Енді әскери қызметшілер өз зейнетақы шоттарында жиналған жинақтардың жартысын мемлекетке аударады. Жартысы әскери қызметші зейнет жасына толғанда толықтай шешіп ала алады», - дейді Ж. Демеуов.