Алматыда салынбақ әуежай құны 64 есеге қымбаттатылған

/uploads/thumbnail/20170708210858077_small.jpg

Алматыда салынады делінген жаңа әуежайдың құны 8 миллиард долларды құрайды деген ақпарат жалған. Ол әуежайдың шынайы құнынан 64 есе қымбаттатылып белгіленген. Бұл туралы ҚР әуе тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы Владимир Куропатенко мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы informburo.kz –ке сілтеме жасап.

Жаңа әуежай құрылысына бөлінетін қаражат сомасы туралы өткен жылы желтоқсан айында Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов мәлімдеген еді.

Қауымдастық төрағасының айтуынша, әуежай құрылысына керек шынайы қаражат 125 миллион АҚШ долларын құрайтын көрінеді.

«Бұл сома (8 млрд.доллар – ред.) қолдан жасалған және биліктің жоғары шегінде  мәлімденуде. Осы соманы БАҚ іліп әкетті сосын», - деді Алматыда өткен баспасөз мәслихатында В. Куропатенко.

Қатысты Мақалалар