Алматы облысында бес оқушы қыз жүкті болып қалған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210909703_small.jpg

Алматы облысының Ескелді ауданында бес оқушы қыз жүкті болып қалып, ана болуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы "31 арна"-ға сілтеме жасап.

Оқушы қыздардың жүктілігі прокурорлардың медициналық есептерді тексеруінен кейін белгілі болған. Бір айта кетерлігі, есепке алынған "болашақ аналардың" басым бөлігі өгей әкелерінің тәрбиесін көргендер екен.

Бұл облыста тіркелген ресми деректер. Мұндай жағдайлардың бізге белгісізі қаншама? Дәрігерлер өз кезегінде ерте бастан жыныстық қатынасқа түсудің салдары ауыр болатынын айтып отыр - бұл алдын алу шараларын жүргізбеген мектептің және жасөспірімдерді қараусыз қалдырып, жыныстық тәрбие бермеген ата-аналардың кінәсі делінеді. 

Ескелді аудандық прокурорлар тағы да бір таңғалдырарлық статистиканы жария етті - кәмелетке толмағандардың сексуалдық мәндегі 10 актіснің біреуі өзінің өгей әкесімен болған. 

"Мұндай отбасылар ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар, прокуратурадағылар кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсудің жауапқа тартылатыны туралы айтып, ескерту жасады", - деп хабарлайды телеарна.


 

 

Қатысты Мақалалар